$537.96 €630.27 ₽6.73
×

Жаңа оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

14.08.2025ж. 14:57
Жаңа оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

Белгілі болғандай, жаңа қызметке 32 жастағы Асылбек Ахметжанов келді,  хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ технология және бизнес университетін бітірген.