$537.96 €630.27 ₽6.73
×

Алматы әуежайына кіру уақытша шектелді

14.08.2025ж. 15:48
Алматы әуежайына кіру уақытша шектелді

2025 жылғы 14 тамызда Алматы халықаралық әуежайы қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды ақпарат таратты, хабарлайды Astana TV.  Әуежайға баратын жолда уақытша қолайсыздықтар туындаған.

Ресми мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарына байланысты “Ақсұңқар” қонақүйі маңындағы әуежай пандусына кіру уақытша тоқтатылады.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі:

«Жөндеу аясында гидрооқшаулау жүйесін жақсарту, жылыту жүйесін жаңғырту және жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу кезеңінде пандусқа кіру жаңа көтергіш арқылы жүзеге асырылады».