$538.03 €629.23 ₽6.74
×

Келіншекті қылқындырып өлтіріп, ауласына көміп тастаған

14.08.2025ж. 19:30
Келіншекті қылқындырып өлтіріп, ауласына көміп тастаған

Түркістан облысының Жетісай ауданында ауылдасын өлтірген ер адам сотталды. Ол жанжал кезінде 38 жастағы келіншекті жіппен қылқындырып, қылмысты жасыру үшін мәйітті өз ауласында көмген. Оқиға биыл қыста болған. Сондай-ақ қаскөйдің үйінен заңсыз сақталған оқ-дәрілер табылды. Сот үкімімен қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылып, 10 млн. теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.