Астанада бойжеткеннің бөксесін сыйпаған 6 баланың әкесі сотталды. Оқиға видеоға түсіп қалған. Жәбірленуші сол уақытта еңкейіп, терезе жуғанын айтады. Ал 58 жастағы ер адам орынсыз әрекет жасап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін сот алдында жауап берді.
ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫ:
Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Сонымен қатар, алты баланың әкесі болғандықтан, жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықтардың қайталануын алдын алу мақсаттарын ескере отырып, сот әкімшілік жаза ретінде 5 күндік қамауды тағайындауды негізді деп тапты.