$538.03 €629.23 ₽6.74
×

Жетісу облысында халықаралық әуежай салынады

Жетісу облысында халықаралық әуежай салынады

Жетісу облысында тау-кен байыту комбинаты, «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі, жел электр стансалары, халықаралық әуежай салынады. Президенттің қабылдауында болған аймақ басшысы Бейбіт Исабаев  осылай деді. Биылғы жарты жылдықта Жетісу облысына 178 млрд теңге инвестиция тартылды. Бүгінде аймақта туризм саласына басымдық берілген. Алакөлдің жағасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеуден өткен. «Балқаш» туристік-рекреациялық аймағының бас жоспары әзірленді. Агроөнеркәсіп саласы да қарқын алған.  Биыл облыста 540 мың тонна қызылша жинау және 78 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы өңір әкіміне бірқатар тапсырма берді. 

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына үлкен мән берді. Сонымен бірге Жетісу өңіріндегі туризм саласын дамыту қажеттілігіне назар аударды. Және осы мәселелерді уақытында орындау жөнінде бірқатар, нақты тапсырма берді.