$538.03 €629.23 ₽6.74
×

"Ақылы жолдан түскен қаржы тегін трассалардың жай-күйін жақсартуға бағытталады", - депутат

"Ақылы жолдан түскен қаржы тегін трассалардың жай-күйін жақсартуға бағытталады", - депутат

Ақылы жолдан түскен қаржы тегін трассалардың жай-күйін жақсартуға бағытталуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин осылай деді. Өзгеріс енгізілсе халықтың жол сапасына деген сенімі артады деп санайды. «Жезқазған – Қызылорда» тас жолының жағдайымен танысқан халық қалаулысы мердігерлерге жұмыс қарқынын жеделдету қажеттігін айтты. Бүгінде автожолдың 200 шақырымнан астам бөлігі реконструкциядан өтуде. Кейбір учаскелерде уақытша айналма жол арқылы қозғалыс ашылды, жаңа жолдың алғашқы шақырымдары төселуде, су өткізгіш құбырлар мен көпір тіректері орнатылып жатыр. 

ЕРБОЛАТ САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бірнеше сұрақ болды. Біреуі жолдың негіздемесін салу кезіндегі жолдың негізін суару. Және таптаудың сапасына байланысты. Одан кейін пайдаланып жатқан қиыршық тастың проектіге сай келуі. Сессия басталуы барысында жол саясатын реформалау жөніндегі жасалып жатқан заңға бірнеше ұсынысымызды беретін боламыз.