$538.03 €629.23 ₽6.74
×

Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының бастауыш ұйымдарына арналған облыстық форум басталды

Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының бастауыш ұйымдарына арналған облыстық форум басталды

Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының бастауыш ұйымдарына арналған облыстық форум басталды. Екі күнге жоспарланған басқосуға өңірдің 150-ден астам бастауыш партия ұйымдарының төрағалары жиналып, тәжірибе алмасып, жаңа жобаларды талқылауда. Жиын барысында «Халықпен бірге!» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сөз болды. Форумда үздік ұйымдар марапатталып, қатысушылар халықпен тиімді байланыс орнатуды және әлеуметтік желілерді пайдаланудың оңтайлы жолдарын үйренбек.

ЖАНДОС ҚАЛТАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде маңыздысы жалпы партияның уәделері қаншалықты орындалып жатқаны жалпы бұл жердегі бастауыш партия ұйымдары қаншалықты сайлауалды бағдарламаның іске асып жатқаны. Депутаттардың өздерінің жұмыстарының іске асып жатқаны. Әрбір сайлаушыға берілген уәдені қалац қадағалауымызға болады. Оны қалай халыққа дұрыс жеткізе аламыз әлеуметтік желі арқылы.