$538.03 €629.23 ₽6.74
×

"Таза бейсенбі" табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті арттыруға шақырады

"Таза бейсенбі" табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті арттыруға шақырады

Жамбыл облысында «Таза бейсенбі» акциясы аясында Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Сеңгірбай көлінің жағалауы тазартылды. АМАNАТ партиясының белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері мен жергілікті тұрғындар жең түре көлдің айналасына шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинады. Осылайша олар қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға аударып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға шақырды. «Таза бейсенбі» – бұл тек бір реттік акция емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Сондықтан табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін сезінсе екен дейді.

ТАЛАП ӘБДІБЕКОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Демалыстан кейін біраз осындай мусорлар қалып жатады. Бұған дейін де біз біраз ауылдық округтарында осындай Таза бейсенбі акциясын өткіздік. Айтарлықтай енді 50-60 тонна 70 тоннадай мусорлар шығарылды.

Шара елордада жалғасын тауып, нөмірі 73-«Аяулым» балабақшасында ұйымдастырылды. Мақсат - балаларға тазалықтың маңызын кішкентайынан үйрету. Бүлдіршіндер, еріктілер мен белсенді жастар бірге аула тазалап, табиғатты аялауға шақырды.

ГҮЛМИРА АҚТАЙЛАҚОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Тәрбиенің барлығы балабақшадан басталады. Осы кішкентай бүлдіршіндеріміз осы игі істі өз көздерімен көрсін, болашақта да өздері осындай істерге үлес қосып, қоғам үшін, еліміз үшін, жеріміз үшін еңбек ететін болашақта бүлдіршіндер біздің. Қазақстанның болашағы осы жастардың қолында. Қазіргі таңда балабақша, мектептер бар, колледж, университеттер бар осындай акцияларға белсенді қатысып жатыр.