$538.03 €629.23 ₽6.74
×

Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»

15.08.2025ж. 11:25
Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»

Бүгін Мемлекет басшысы ұстаздар қауымының дәстүрлі Тамыз конференциясында сөз сөйлеп, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты өткір мәселелерді көтерді. Президент өскелең ұрпақты заманауи қауіптерден - нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтен қорғаудың маңызын ерекше атап өтті.
 
 «Балалар өмірлік дағдының көбін мектепте меңгереді. Олар мұнда тәртіпке бағынып, жүріп-тұру ережелері мен әдеп нормаларын сақтауды үйренеді. Сондықтан мектеп өзара құрмет пен жанашырлыққа толы үйлесімді қоғамның үлгісі болуға тиіс», – деді Президент.
 
 Мемлекет басшысы тәрбие жұмысының негізіне «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу қажеттігін айтты. Бұл қағидат мектеп өмірінің ажырамас бөлшегі болуға тиіс, ал оның мәнін балаларға қарапайым, түсінікті тілмен жеткізу – әрбір мұғ
алімнің басты міндеті.
 
 «Бұл іске директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтерінен бөлек, барша ұстаздар қауымы атсалысуға тиіс. Өйткені бұл – мемлекеттік маңызы бар міндет», – деді Президент.
 
 Президенттің ай
туынша, балаларды әлеуметтік кеселдерден сақтау үшін олардың сыни ойлау қабілетін дамыту аса маңызды. Бүгінгі таңда оқушылардың көбі Интернет пен әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізеді, ал бұл ортада жалған идеялар мен теріс тәрбие жиі кездеседі.
 
 «Сол се
бепті әр педагог балаларды өз эмоциясын ұстауға, кез келген нәрсеге немесе жағдайға байыппен қарап, дұрыс шешім қабылдауға үйретуі керек», – деді ол.
 
 Мемлекет басшысы сондай-ақ жастар арасында нашақорлық пен зиянды стимуляторлар мәселесіне тоқталды. Оның
айтуынша, тіпті «зиянсыз» деген атауы бар заттар да адамның өміріне қауіп төндіреді.
 
 «Зиянды заттарды тұтыну немесе виртуалды ойындар арқылы шындықтан ажырап, қиялға ерік беру адамды айналасына жексұрын қылып, қоғамнан шеттетеді. Мұндай жандар жақсы жұмыс
тауып, берекелі отбасы құру мүмкіндігінен айырылады. Өзінің дарынын көрсетіп, биік мақсаттарға жете алмайды», – деді Президент.
 
 Ол бұл мәселеге бүкіл қоғам болып қарсы тұру қажеттігін, әсіресе ұстаздардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Жастарды тәрбиелеу
– ұлт болашағына салынған инвестиция. Сондықтан мұғалімдер мен ата-аналар, мемлекет пен қоғам өкілдері бұл істі бірлесе атқаруы тиіс.
 
 Мемлекет басшысының бұл сөздері ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, жас ұрпақ тәрбиесінде жаңа бағы
ттар мен нақты міндеттерді айқындап берді.