$540.87 €632.01 ₽6.76
×

Жатақхана мәселесі: ахуалдық орталыққа 600-дей қоңырау түскен

AstanaTV
15.08.2025ж. 19:30
Жатақхана мәселесі: ахуалдық орталыққа 600-дей қоңырау түскен

Білім іздеп қалаға келген студенттердің баспана мәселесі биыл қалай шешілмек? Ғылым және жоғары білім министрі "82 мың орын тапшылығын 10 мыңға дейін қысқарттық, жатақхана жетіспеушілігі болмайды" деп сендірді. Алайда, өткен аптада жұмысын бастаған ахуалдық орталыққа қазірдің өзінде 600-дей студент жүгініпті.

БАЛАЙЫМ ӘМІРҚҰЛ, АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ОПЕРАТОРЫ:

Көбінесе, мен осы университетке түскен едім, жатақханаға орналасу қай уақытта басталады екен, жатақхана өтемақысы қалай екен деген сұрақтар болады. Жеке университеттерде  жеке жатақхана болмағандықтан, ол жақтың студенттері де хабарласады бізге, оны да жеткізіп жатырмыз басшылыққа, қазір олар хостел типіндегі жеке жатақханаларды сатып алып жатыр екен, келісімшартқа отырып жатыр.

Студенттердің дені  Астана мен Алматыны таңдайды. Басқа өңірлерге қарағанда, Алматыда жатақхана мәселесі әлі де күрделі.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Биыл Алматы қаласынан басқа өңірлерде жатақхана тапшылығы жоқ. Жалпы, 55 орындық жатақхана резервте тұр. Айталық студент келіп, орын таба алмаған жағдайда бірден арнайы дағдарыс орталыққа жөндейміз.

Әзір қарбалас жоқ. Студенттер қалаға енді келіп жатыр.

БЛИЦ:

- Баламыз грантқа түсті, осы университетке, сол жатақхананың несін білуге келдік, + иногородний балаларға беретін шығар деп ойлаймыз.

- Барып көреміз, енді условиесі жақсы болса тұрады.

Президент тапсырмасы бойынша биыл 29 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Оның 20-сы ЖОО студенттеріне,  ал 9-ы колледж жастарына арналған. Қазір 4 жатақхана пайдалануға берілді. Оқу жылының басына дейін  19 жатақхана ашылмақ.  Сондай-ақ, жыл соңына дейін  6 жатақхана  пайдалануға беріледі.

"Бірде-бір бала көшеде қалмауы керек" деген министрдің қағидасы орындала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.