$540.87 €632.01 ₽6.76
×

Есірткі тасымалдаған 43 жасөспірім ұсталды

AstanaTV
15.08.2025ж. 19:30
Есірткі тасымалдаған 43 жасөспірім ұсталды

Елімізде есірткіге тәуелділердің қарасы азаяр емес. Олардың басым бөлігі - 30-ға дейінгі жастар. Көбісі – қалалықтар. Оған ата-анасының баласын тым еркелетiп жiбергенi себеп болуы әбден мүмкін. Барлық жағдайын жасап, сұрағанын берiп жаман үйреткендiктен бе, қаланың баласы есiрткiге құмар болады.

АЛЕКСЕЙ КРАФТ, НАРКОЛОГ-ДӘРІГЕР:

Емделушілермен сөйлескен кезде, олар: "бір рет көрдім, себебі білмедім" дейді. Яғни, барлығы тек бір рет қана көреміз деп ойлаған. Меніңше, бұл ақпараттың аздығынан болады. Жастар арасында көлемді ақпараттық терапия жүргізу керек деп есептеймін.

Есімін атамауды сұраған кейіпкеріміздің де жегені алдында, жемегені артында болған. Есейгенде ес жиып, адам болудың орнына адасып қалды. Есірткіге елігемен деп қарызға белшеден батқан.

Бірінші рет ол 2021 жылда свадьбада болған мәселеде...дос балам көрсеткен бірінші рет. Сол кезде бір рет көріп маған ұнаған. Одан кейін бір жыл көрмей, 22-23 жылдан бастап, уже начал более стабильно употреблять.

Туған-туыстармен қарым-қатынас нашар болған доверие жақтан, ешқашан қарыз деген, кредит деген болмаған, сол бір 2 млндай қарызға кіргем....и соотвественно уақыт. Уақыт просто так өтіп кетті.

Есірткі саудасын жасөспірімдер қыздырып тұр. Олар қомақты табыс табасың дегенге иланып, тасымалдаумен айналысуда. Тіпті кейбірі заңсыз әрекетпен айналысып жүргендерінде білмейді. Жыл басынан бері 43 жасөспірім ұсталған. 

ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жалпылама айтатын болсақ, жастар неге тартылады? Жаңа айтып кеткенімдей, эмоцоналдық тұрғыдан тұрақсыздығы, әлсіздігі, яғни көнгіштігі, сенгіштігі болуы мүмкін. Сонымен қатар, үлкен салдарды ойламауы, ертең жауапқа тартыламын деп. Заңды білмеуінен де болуы мүмкін. Бірақ, заңды білмеу - бұл жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Бұны біздің жастарымыз білуі керек.

Жеңіл жолға түсем деп, темір торға түсіп қалу - әп сәт. Әуестікпен дәмін бір татып көру де адам денсаулығын ойрандайды. Мәселенің ушыққаны соншалық, Президент пәрменімен республикалық штаб құрылды. Саңырауқұлақтай қаптаған кеселдің тамырына балта шабу - оңайға соқпайтыны рас. Нәтижесін уақыт көрсетеді.