Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының құрылысымен Мәжілісте депутаты Самат Мұсабаев танысып, болашақ газ өңдеу алып кешенінің аумағын аралады. Жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы бірнеше кезеңмен жүзеге асуда. Нысан 2027 жылдың ақпанында толық аяқталуы тиіс. Зауытта ілеспе мұнай және табиғи газ өңделіп, жылына 900 млн текше метр қоспа және 5 мың тонна газ конденсаты өндіріледі. Жоба аясында жылына 900 млн текше метр табиғи және ілеспе газ өңдеуге қабілетті заманауи өндірістік кешен салу көзделген.
САМАТ МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұның бір күрделілігі, өте бір мәні бар жағы біздер өздеріңіз білесіздер осы Маңғыстау облысы осы сұйытылған газ жөнінде біздің көліктеріміз 99 пайызы осы сұйытылған газға қазір тәуелді болып тұр. Сондықтан енді қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалуда деп есептейміз, күтеміз. Біздің енді тағы да қаңтар айында уәделестік осы жерге келіп, тағы да қарайтын боламыз.