Астанада қазақ тіліндегі тұңғыш jukebox мюзикл түсірілді. «Бақыт құшағында» фильмі 23 қазанда көрерменге жол тартады. Туынды қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған. Мюзиклде композитордың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жаңаша орындалған. Фильмді режиссер, әрі бас продюсер Санат Шапашов түсірді. Сюжет елордада өрбіп, түсірілімге 230-ға жуық актер қатысқан. Картинада қазақ қыздарының тағдыры, махаббат, достық және отбасы құндылықтары бейнеленеді.