Атырау қаласында бір жасар бала пәтерде жалғыз қалып, есік ішінен жабылып қалған, хабарлайды Astana TV.
Анасы бірнеше минутқа ғана сыртқа шыққан. Алайда дәл осы сәтте кіреберіс есік өздігінен жабылып, бала іште жалғыз қалған.
Жедел шақырту бойынша оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдар көмегімен есікті ашып, баланы аман-есен анасына тапсырды. Абырой болғанда, сәби ешқандай жарақат алмаған.
Құтқарушыларды көрген балақай қорыққанның орнына қуанып қарсы алған. Анасы құтқарушыларға алғысын білдіріп, мұндай жағдайдың енді қайталанбасына уәде етті.
Мамандар ата-аналарға тағы да ескерту жасайды: кішкентай балаларды тіпті бірнеше минутқа да қараусыз қалдыру қауіпті. Ашық терезе мен балкон, жабылып қалатын есік - бәрі де бала өміріне нақты қауіп төндіреді.