$538.33 €626.99 ₽6.71
×

30 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірді

AstanaTV
18.08.2025ж. 19:30
30 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірді

Астанада  анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен 30 жастағы қызы ұсталды.  Алғашында анасы мен қызының арасында жанжал туып, соңы ұрыс-керіске ұласқан. Сол сәтте пышақ ала жүгірген күдікті анасын жарақаттап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Күдікті  уақытша қамау изоляторына қамалды.

ДАНИЯР ЖАНҚҰЛОВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Әйелдің пышақ жарақаты белгілері бар мәйітінің табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы анықталып, ұсталды. +Күдікті уақытша қстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.