$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Түнде күйеуі мен балалары ұйықтап жатқанда, әйел өзіне-өзі қол жұмсаған

AstanaTV
18.08.2025ж. 19:30
Түнде күйеуі мен балалары ұйықтап жатқанда, әйел өзіне-өзі қол жұмсаған

Ақтөбеде  көпбалалы ана өзіне-өзі қол салды. Жедел жәрдем бригадасын марқұмның жұбайы шақырған. Алайда әйел дәрігерлер келгенше жан тапсырыпты. Жолдасының айтуынша,  соңғы уақытта әйел  депрессияда жүрген.  Түнде күйеуі мен балалары ұйықтап жатқанда, ол  бөлмеге кіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. 30 жастағы 4 баланың анасын суицидке не итермелегенін полиция анықтап жатыр.