$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Жедел жәрдем фельдшерін атып кетті

Жедел жәрдем фельдшерін атып кетті

Атырауда топтық төбелес кезінде  23 жастағы жігіт оққа ұшты.    Қанды оқиға қала маңындағы Химиктер кентінде  болған.  Бір топ жігіт  үйлену тойында  сөзге келіп, кейін жанжал төбелеспен жалғасады. Достары  жұмыстан кейін демалып жатқан  Азамат Асылбекұлын  көмекке шақырған.  Халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, алғысқа бөленіп жүрген жігіт сол жерде көз жұмды. Жас жігіт сәуір айында ғана отбасын құрған.

АНАР ӘУБӘКІР, МАРҚҰМНЫҢ ӘРІПТЕСІ:

Тамаша маман еді. Осы күнге дейін атына шағым түспеген еді. Тілтабысқыш бірегей мамандардың бірі еді. Өз мамандығының алтын бармақтай иесі еді. Науқастардан үнемі алғыс алып, ешқандай клиникалық түрде де қателік жібермейтін.

ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып,  қамауға алынды. Адам өлтіру бабы ьойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уқытта  тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайжы.

Полиция күдіктілерді  тергеу абақтысына тоғытты.  Олардың қолында суық қару қайдан жүргенін  анықтап жатыр.  Марқұмның денесі ертең жер қойнына тапсырылады.