Астанада жол жөндеп жатқан екі жұмысшыны көлік қағып кетті. Бірі сол жерде көз жұмды. Оқиға бас қаланың қақ ортасындағы "Сарайшық" көпірінде болған. Жүргізуші жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты байқамаған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, ауруханаға түскен ер адам ауыр жарақат алмаған, қазір үйіне, амбулаториялық емге жіберілген. Жұмысшылар мемлекеттік тендерден ұтып алған мердігер компанияның қызметкерлері.