$540 €630.72 ₽6.72
×

"Компаниялар банкротқа ұшырап, тауар бағасы қымбаттауы мүмкін", - экономист

"Компаниялар банкротқа ұшырап, тауар бағасы қымбаттауы мүмкін", - экономист

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрондық шот-фактуралар жазып берудің автоматтандырылған жаңа тәртібі күшіне енеді. Бұл жүйеге сәйкес,  Электронды шот фактура жазып беру үшін қосылған құн салығы сомасын алдын ала төлеу қажет болады. Егер салық төлеушінің шотында қажетті қаражат болмаса, жүйе Шот фактура рәсімдеуге рұқсат бермейді. Комитет өкілдері өзгеріс көлеңкелі экономиканы азайтуға және салық түсімдерін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бірақ сарапшылар кері тұсы да барын ұмытпау керек дейді. Қолданысқа енсе, компаниялар банкротқа ұшырап, тауар бағасы қымбаттауы ықтимал.

МАРАТ ҚАЙЫРЛЕНОВ, ЭКОНОМИСТ:

Бірінші шығын, сен әлі сатып, пайда көрмеген затыңа ҚҚС алдын-ала төлеуің керек. Бұл аз ақша емес. Егер қалтаңда қаржың болмаса қарыз немесе несие аласың. Оның өзі ұзақ процесс. Кішігірім бизнеспен айналысып отырғандардың өзі бухгалтер жалдауға мәжбүр болады. Оларға беретін жалақы да аз емес. Шығыны көбейген компаниялар жұмысын тоқтатуы мүмкін.