$540 €630.72 ₽6.72
×

«Су үнемдеу технологиясына көшуіміз қажет», - депутат

18.08.2025ж. 19:30
«Су үнемдеу технологиясына көшуіміз қажет», - депутат

Ақмола облысындағы ауылдардың 97% ауызсумен қамтамасыз етілген. Бірақ, бұл – мәселе жоқ дегенді білдірмейді. Өңірде су құбырларының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан тариф пен қызмет көрсету саласында түйткіл көп. Бұл туралы Егіндікөл ауданында өткен кездесуде айтылды. Басқосуға Мәжіліс депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі Юлия Кучинская қатысты. Халық қалаулысы Қорғалжын және Егіндікөл ауданының халқы тіршілік нәрінен тарығып отыр дейді. Мұнда ауызсу күніне, шамамен, 5 сағат беріледі. Бұл проблеманы шешу үшін алдымен су көздерінің қуатын арттыру қажет.

ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Халық саны артып жатыр. Соған байланысты тұтыну деңгейі де өседі. Су ресурстары азаюда. Сондықтан тіршілік нәрімен қамту, суды тазарту және қайта пайдалану мәселесі алдыңғы қатарға шығуы тиіс. Су үнемдеу технологияларына көшу — еліміз үшін аса маңызды және шұғыл қадам болмақ.