$540 €630.72 ₽6.72
×

Қостанай облысында ауыл тұрғындары таза суға қол жеткізеді

18.08.2025ж. 19:30
Қостанай облысында ауыл тұрғындары таза суға қол жеткізеді

Қостанай облысына қарасты Николаевка ауылы көп жылдан бері күткен таза ауыз суға қол жеткізбек. Бұрын су құбыры мүлде болмаған елдімекенде қазір орталықтандырылған жүйенің құрылысы жүріп жатыр. Жоба «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып, қараша айында аяқталмақ. Құны 1 миллиард 300 миллион теңгені құрайтын нысанның бүгінде жартысы дайын. 11 шақырым желі тартылып, барлық құдықтар орнатылды, сорғы станциялары жасақталды. Қалған жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Жоба Бейімбет Майлин ауданы халқын толық ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.

ЕРКІН ӘБІЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауыз су мәселесі тек қана әлеуметтік мәселе емес, бұл кешенді мәселе. Бұл қауіпсіздік мәселесі, медициналық мәселе, экономикалық мәселе. 100 пайыз деп жатырмыз. Бұны дұрыс түсіну керек, бірінші кезең аяқтаймыз, бүкіл ауылға су әкелеміз, енді келесі қадам-әрбір үйге су керек.