Түркістан облысы Сауран ауданы Ораңғай ауылындағы психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған 50 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Абдиев нысанның құрылыс барысымен танысты. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан бұл орталықты тамыз айының соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, жартылай стационарда күндізгі бөлімге осы аумаққа жақын аудандардан 30 бала қабылданбақ. Облыста шамамен 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, соның 15 пайызы – бала.
ЕРЛАН АБДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Көп мектептер бізде ескі ғимараттар болғандықтан оларда лифті де болмауы мүмкін. Мектептің өзі бейімделмеген, мысалы пандусы болсын, парталары болсын. Сондықтан да осындай мектептер, осындай орталықтар өте қажет. Осындай орталықтардың бар болу мәселесінің өзі де ол біздің партияның бір үлкен алға қойған мақсаты.