$540 €630.72 ₽6.72
×

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына биыл - 95 жыл. Ән падишасының  мерейтойына жиналғандар әуелі әйгілі композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында қалада жыл басынан бері түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.

МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойы болғандықтан оны кең көлемде атап өту қаланың және әкімдіктің басты мақсаты. Әрине бұл іс-шаралардың мақсаты – біздің Шәмші атамыздың рухани осы мұраларын насихаттап, бүгінгі ұрпаққа, ертеңгі жас ұрпаққа жеткізу. 

«Бақыт құшағында» республикалық фестивалі сазгердің атындағы аллеяда өтті. Жиналған көпшілік алдымен халық жүрегінен орын алған әндердің тарихын сахналық қойылым ретінде тамашалады. Бұл кеште Шәмші Қалдаяқовтың жүрек тербетер, ел есінде мәңгі сақталған есті әндері қайта жаңғырып, тыңдарманға тарту етілді.

СВЕТЛАНА АЙТБАЕВА, ӘНШІ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Ең бірінші Шәмшінің композицияларының биіктігі шоқтығының биіктігін айқындайтын дүние ол –қарапайымдылығы. Оны кез келген адам айта алады. Және екінші - мықтылығы Шәмші әндерінің оның өте қазақтың мен деген мықты ақиық ақындарымен, белгілі қаламгерлермен жұмыс жасауында. Қазақтың аспаны Шәмшінің әндеріне, әдемі әндерге, әдемі әуендерге тола берсін.

Ән фестивалін тамашалауға жиналған қауымның қарасы қалың. Әнсүйер көрермен ән падишасының лирикалық, рухани және патриоттық рух сыйлайтын әуезді әндерін танымал әншілермен қосыла шырқады.