$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде жол ақысы қымбаттауы мүмкін

AstanaTV
13.11.2017ж. 20:00
2929
Ақтөбеде жол ақысы қымбаттауы мүмкін

Ақтөбеде жол жүру ақысы 55 теңгеден 90 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Көлік тасымалымен айналысатын компания өкілдері, сұранысымыз қанағаттандырылмаса, алдағы қыста талапқа сай жұмыс істей алмаймыз, - дейді 

Қаладағы 50 бағыттың 34-іне қызмет көрсететін «Автопарк» серіктестігі бағаны көтеру туралы соңғы бір жылда бірнеше рет ұсыныс жолдаған. Жанармай мен көлік құралдары ай сайын қымбаттап жатыр, пайда табу мүмкін емес деп ашынады. Жаңа автобустар сатып алу арманға айналды, 400 қоғамдық көліктің тек 330-ы ғана жүріп тұр,- дейді олар. Қалада жолақы соңғы рет 2014 жылы өзгерген. Содан бері қызметкерлердің жалақысы да өспепті. Автобус жүргізушілері 70-80 мың теңге айлық алады. Қазір серіктестік әкімдіктің шешімін күтіп отыр.

Руслан Жылқаманов, «Автопарк» ЖШС бөлім басшысы:

Барлық шығындар қымбаттап кетті 100-150 пайызға. Соның бәрі кедергі болып жатыр. Соның бәрінің сапасын көретін жолаушылар ғой. Алдыңғы аптада айтып кеттік. Егер тариф көтермесе, тасымалдаушыларға өте қиын болады.