Астанада мәслихат депутаттары жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атауларын бекітті, хабарлайды Astana TV.
Мәслихаттың хабарлауынша, депутаттар жер үсті және жер асты метрополитенінің станцияларына ат таңдауда әлемдік тәжірибеге сүйенді - атаулар жақын жерде орналасқан маңызды нысандарға, көшелерге немесе бөлімдерге сәйкес беріледі.
Осылайша, депутаттар мен ономастикалық комиссия мүшелері LRT-ның 18 станциясына келесідей атаулар беріледі деп келісті:
"Әуежай" ("Аэропорт");
"Атамекен";
"Есіл";
"Мәңгілік ел";
"Астана жұлдызы";
"Нұра";
"Университет";
"Ұлы дала";
"Астана Арена";
"Жекпе-жек сарайы" ("Дворец единоборств");
"Сығанақ";
"Бәйтерек";
"Министрліктер үйі" ("Дом министерств");
"Ұлттық музей" (Национальный музей);
"Театр";
"Мыңжылдық аллеясы"; ("Аллея Мыңжылдық");
"Жібек жолы";
"Нұрлы жол".