Жамбылда балдызына бір жыл бойы зорлық көрсеткен жездесі 17 жылға сотталды. Сондай-ақ, 5 млн теңге моральдық шығын және 1,6 млн теңге мүліктік залал өндірілмек. Алайда сотталушы кінәсін мойындамады. Дегенмен, жәбірленушінің өкілі мен куәлердің айғақтары, сараптама қорытындысы да, заттай дәлелдемелер мен жасырын тергеу әрекеттерінің материалдары оның кінәлі екенін көрсеткен. Анықталғаны, ол 15 жастағы оқушыға күш қолданып зорлаған. Анасы 2009 жылғы жасөспірім қызын өзінің сіңілісінің үйне бала қарауға көмектессін деп жиі жіберіп тұрады екен. Ал жездесі балаларын қарауға келген балдызын күштеп қорлап, қорқытып жыл бойы ойына келгенін істеп келген. Бұл іс жабық сот отырысында қаралды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.