$538.57 €629.48 ₽6.71
×

Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің басын жарды

AstanaTV
19.08.2025ж. 19:30
Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің  басын жарды

Таразда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің басынан ұрып жарып жіберген. Қызметкердің бұл әрекеті  бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.   Алаңсыз ойнап жүрген бес жасар балақайды балабақша қызметкері ойыншыққа тола пакетпен ұрған. Басы жарылып, қан тоқтамаған, медбикенің алғашқы көрсеткен көмегі көмектеспеген соң ата-анасын шақырып емханаға апаруға тура келген. Балаға қол көтерген қызметкер дәл осы мекемеде жұмыс істеп жүргенінен тоғыз жол болыпты. Бұған дейін мұндай теріс қылығын көрмедік деп отыр балабақша меңгерушісі. Бұл оқиға бойынша кадрлық шешіммен әдіскер және тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан босатылды. Топ тәрбиешісіне «қатаң сөгіс» жарияланды.  Полиция қылмыстық іс қозғады.

ФАРИДА СЕЙДАШОВА, №36 «БҮЛДІРШІН» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Баланың басы кішкентай болғаннан кейін, терісі жұқа болғаннан кейін жарақат алып отыр бұл бала. Мен кеше барып ата-анасына жолығып, бүгіннен бастап баланы анасы алып келді. Бала бұзық болмаған енді. Тәрбиешінің көмекшісіненен, бұл сұрақ қойылды. Ол кісі енді оған ешқандай жауап бере алмай отыр. Білмейім енді ондай жағдай болғанын деп отыр.