Атырауда соңғы 8 айда электр энергиясы бағасы осымен екінші мәрте қымбаттамақ. Бұған бұқара да, бизнес иелері де қарсы. Былтыр желтоқсан айында қарапайым халыққа да, заңды тұлғалар үшін де тариф өскен еді. Түбіртектегі күрт артқан бағаны көріп, көңілдері түскен тұрғындар қыркүйектен бастап тағы да жаңа тарифпен төлейді. Жеке кәсіпкер саналатын үй маңындағы шағын дүкендер де, әлеуметтік маңызды азық-түлік кәсібімен айналысатындар да, ірі мұнай-газ компаниялары үшін де бірдей тариф қоюы ақылға сыйымсыз,- дейді жиналғандар.
ЛӘЗЗАТ ДОСМАҒАМБЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Ақтөбе, Ақтау өңірлері тек қана 38 теңгеге бүгін ғана жетіп жатыр. Ал біздер жылдар бойына 38 теңгені кәсіпкерлер атынан төлеп келе жатырмыз. 1 желтоқсаннан бастап “Атырау-жарық” мекемесі кәсіпкерлердің тарифын 45 теңгеге көтерді. Ал бүгін тыңдап отырсақ, 50 теңгеге көтеріп жатыр.
Қоғам белсенділері әбден дайындалып келген. Тарифтың негізсіз қымбаттап жатқанынын дәлелдеп әлек. Оның үстіне тариф өскенімен, қызмет сапасының кері кетіп бара жатқанына наразы. Алайда монополист мекеменің сұранысын табиғи монополияларды реттеу департаменті қолдап қойғанға ұқсайды.
МЕЙІРБЕК ҒҰБАШЕВ, "АТЫРАУ ЖАРЫҚ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Бір бірыңғай сатып алушы бар, содан сатып аламыз. Оның бағасы өсті. Біздің тарифте Атырау-жарықтың өзінің за передачу былтырғы 15 теңгеден тұрды. Биыл оның тарифы 28 теңгеге барып қалды. Сосын КЕGОС деген мекеме бар, оның ішінде де құрамды 3 позициясы бар. Балансирование, диспичеризация деген бар, передачаның өзі оның да қымбатсуы бар.
АРМАН ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Былтырғы 1 желтоқсаннан бастап 10 теңгеден халыққа 16ға көтердік. Без НДС. Осы қыркүйектен 16-дан 22 теңге өсіріп отыр. 6 теңгеге. Қазіргі уақытта заңды тұлғалар 40 теңге төлейді. Енді 1 қыркүйектен 45 теңге болады.
Атырау -Жарық мекемесінің есебіне көңілі толмаған көпшілік жиынды өтпедіге санап, хаттама толтыруды талап етті.Аймақтағы электр энергиясының нақты бағасы 10 күннен соң, тамыз айының аяғында белгілі болады.