Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Қоғамдық кеңес» туралы заңға толықтырулар енгізіледі

AstanaTV
13.11.2017ж. 20:00
2084
«Қоғамдық кеңес» туралы заңға толықтырулар енгізіледі

«Қоғамдық кеңес» туралы заңға келесі жылдың басында толықтырулар енгізіліп, мәжіліске ұсынылуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өткен қоғамдық кеңестердің бірінші республикалық мәжілісінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі айтты.

Нұрлан Ермекбаевтың сөзінше, қоғамдық кеңес туралы заңның шыққанына 2 жылдай болған. Осы уақыт аралығында халықпен кездесулер өткізілді. Онда денсаулық сақтау, тұрғын үй шаруашылығы, көлік қызметі саласында жұртшылықты алаңдатқан мәселелер көтерілген. Кеңестердің ұйымдастыру ісінде де айтарлықтай мәселелер бар. Бүгін солар жинақталып, шет елдіктердің тәжірибесі сөз болды.