$538.57 €629.48 ₽6.71
×

Биыл Алакөлге 5 млн-қа жуық турист келген

Биыл Алакөлге 5 млн-қа жуық турист келген

Алакөлге биыл 5 млн-қа жуық турист келген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Болат Керімбек Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары аясында  көл жағалауындағы демалыс аймақтарының  жағдайымен танысты. Депутат сапар барысында коммуналдық жағажай мен бірқатар туристік нысандарды аралап, санитарлық тазалық, кәріз жүйесі, көліктік бақылау және инженерлік инфрақұрылым мәселелеріне назар аударды.

БОЛАТ КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мына жағажайдағы жүретін қайықтарды бір ретке келтіру. Мысалы шетелдік елдерде арнайы бір орындарда ғана олар жүреді. Ал бізде барлық жерде осы қайықтар жүрген соң, адамды да басып кетіп жатады. Бұл қайықтардан бөлінетін керосиннің иісі де және оның даусы да демалушылардың мазасын алады екен. Сондықтан мен осы аудандық әкімдіктің қызметкерлері осы жерде жүр. Ол кісілерге де ұсыныс жасадық. Осы мәселені алдағы уақытта қадағалаймыз.