Елімізде қуаты "петфлопс" деңгейіндегі суперкомпьютер орнатылмақ. Бұл - секундына триллиондаған есептеуді орындауға мүмкіндік беретін озық технология. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жаңа орталық ұлттық деректерді өңдеуге, ғылыми зерттеулерді жеделдетуге және отандық IT-стартаптарға қолдау көрсетуге бағытталған. Яғни, жасанды интеллектіні оқыту, big data-ны талдау, тіпті ауылдағы егістіктен бастап, медицинадағы диагнозға дейін - бәрін әп-сәтте шешетін мүмкіндік. QazTech платформасы негізінде салалардың және мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясына қолдау көрсетіледі. Бұл тек технология емес, еліміздің болашағына салынған үлкен инвестиция дейді сарапшылар.
САЙЫН СӘРСЕКЕЙ, ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ ИТО АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Суперкомпьютерді кәдімгі компьютердің «турбо-режимі» деп елестетіңіз. Мысалы, сіздің ноутбугыңыз бір жобаны апта бойы есептесе, бұл «алып ми» оны бір сағаттың ішінде бітіріп тастайды. Демек, жасанды интеллектті үйрену, жаңа қосымшалар жасау, стартап ашу, бәрі әлдеқайда тез әрі қолжетімді болады. Бұл қазақстандық жастар үшін әлемдік деңгейге шығатын мүмкіндік.