«AMANAT» партиясы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындап жатыр. Шымкентте «Баланы мектепке дайындайық!» шарасы аясында 100 балаға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Бұдан бөлек жеткіншектер ойын орталығында уақыт өткізуге мүмкіндік алды. Кинотеатрда анимациялық фильмдер көрсетіліп, тәтті тағамдар мен сусындар тарту етілді.
МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл іс-шара бізде әр мектепте өтеді, біздің орталық партияда өтеді, филиалдарда өтіп жатыр. Барлық жерде таратылып жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша осы оқу жылына дейін 2 мың балаға беру мақсатымыз.