Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен латын әліпбиінің ерекшеліктері талқыланды

AstanaTV
13.11.2017ж. 20:00
2608
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен латын әліпбиінің ерекшеліктері талқыланды

Латын әліпбиіне көшу - жарқын болашақтың кепілі. Осы арқылы жаңа технологияларды еркін меңгеруге жол ашылады. Алматыда «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жиында латын қарпіне көшу жайы жан-жақты сөз болды. Республикалық қан орталығына жиналған дәрігерлер мен партия мүшелері маңызды үдеріске қатысты соңғы жаңалықтарды сөз етті. Әсіресе Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды мәселелер қамтылып, соңғы үлгідегі латын әліпбиінің ерекшеліктері де әңгімеге арқау болды.

Камал Жамангөзов, «Нұр Отан» партиясы Бостандық АФ партиялық бақылау комиссиясы төрағасы орынбасары:

Бұл тіл - жаңа технологияның тілі. Сондықтан заманымызға сай болатын болсақ, тіліміздің, еліміздің тәуелсіздігіміздің көрсеткіші ол, әрине, тіл. Тілімізді бәрі меңгерсін, үйренсін, білсін  десек - біздің көзқарасымыз латын әліпбиіне көшсек деген мәселе.