Абай облысындағы Бестерек ауылында қайғылы жағдай болды. Үйдің қасында ойнап жүрген балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды. Президенттің тапсырмасымен оқиға орнына бортында дәрігерлер бар Қорғаныс министрлігінің ұшағы жіберілді, хабарлайды Astana TV.
Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында президенттің тапсырмасымен Абай облысына Қорғаныс министрлігінің ұшағы жіберілгені туралы ақпарат жарияланды. Белгілі болғандай, С-295 әскери-көлік ұшағының бортында реаниматолог, нейрохирург және травматолог дәрігерлерден құралған арнайы медициналық бригада бар. Олар өңірдегі зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін жіберілген.