$448.61 €503.83 ₽5.48

Қайырымдылық қорлары балаларды көше қайыр тілеуге мәжбүрлеген

20.08.2025ж. 19:30
Қайырымдылық қорлары балаларды көше қайыр тілеуге мәжбүрлеген

Астанада қайырымдылық қорлары балаларды қайыр тілеуге мәжбүрлеген. Өздерін жақсылық жасаумен айналысамыз деп таныстырған 3 қор 8 кәмелетке толмаған жасөспірімді келісімшартсыз жұмысқа тартқан. Алғашында волонтер боласыңдар деп, артынша көше кездірген көрінеді. Осылайша 340 миллион теңге жинаған. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды.