$538.33 €626.99 ₽6.71
×

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды шаралар Шымкентте де жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды шаралар Шымкентте де жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды шаралар Шымкентте де жалғасуда.   5 ауданда орталық көшелердің бойы, саябақтар, аулалар, арық-атыздар мен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, гүлзарлар ретке келтірілді. Бейберкет өскен шөптер орылды. Мұндай жұмыстар бірқатар көпқабатты үйдің маңында да жүргізілді.  Экологиялық акцияға қала тұрғындары, коммуналдық қызмет өкілдері мен жастар белсене қатысты. 

АМАНГЕЛДІ ЕСМҰРАТҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ел тұрғындарымен бірге қаламыздың көркеюіне атсалысып, тазалық іс-шаралары жүріп жатыр. Көшелеріміздің шөбін орын, шаңын мусорын тазалап жатыр. Еліміз таза болсын. Көшелеріміз таза болсын. Бәрі өзіміз үшін, ел үшін. Өз адамдарымыз үшін.