$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Ащы сусынға арбалған анасы балаларын дүкенге азық-түлік пен темекі әкелуге мәжбүрлеген

Ащы сусынға арбалған анасы  балаларын дүкенге азық-түлік пен темекі әкелуге мәжбүрлеген

Ішімдікке құмар Атырау тұрғыны ата-ана құқынан айырылуы мүмкін. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында қараусыз жүрген қос баланың тағдырына полицейлер араласты. Ащы сусынға арбалған анасы  балаларын дүкенге азық-түлік пен темекі әкелуге мәжбүрлеген. Бармаса, үйіне кіргізбей қойған. Көршілері 14 жастағы жасөспірімнің далада ұйықтап жатқанына да талай куә болған.

МАРАТ ХАСАНОВ, КӨРШІСІ:

Отбасылары жұмыс істемейді, ішеді. Балаға қарамайды-ау. Көбіне қаңғып далада жүреді. Базарда анда-мында. Ата-ана арақ ішкен соң қызық болмайтыны рас қой. Мектепке бармайды. Арақтан көз ашпайды.

КӨРШІСІ:

Бала енді шынымен қаңғып жүреді. Қасында неше түрлі балалар жүреді. Мамасы инсульт алып жатыр. Жұмыс жасамайды. Енді ұрып соққанын көрмедім. Мүмкіндігі жоқ бала қарайтын.Құрбылары көмектесіп жүреді. Баланы бұрын алып кетті ғой, содан кейін бермеу керек еді.

Ата-ана бұған дейін де міндетін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.  Бірнеше рет профилактикалық әңгіме жүргізілген.  Сонда да ішімдіктен бас тартпаған. Полицейлер қараусыз қалған балаларды тиісті орындарға орналастырды. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Отбасындағы 3 жастағы сәби сәбилер үйіне ал 14 жастағы жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Жинақталған іс-құжаттар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылатын болады.

ҚҰНДЫЗ ҒИНИЯТОВА, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Келгенде енді көңіл күйі болмады. Мамама барам деді. Жылады. Біздер балаға ең бірінші психиологиялық көмек көрсетіп жатырмыз. Психолог баламен жеке жұмыс жасады. Кеше, бүгін жұмыс жүріп жатыр.