$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Конституция - елдің кепілі

Конституция - елдің кепілі

Астанада Конституция күні қарсаңында «Sarap» сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесуде заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және кемсітушілікке қарсы іс-қимыл туралы мәселелер көтерілді. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Сарапшылардың айтуынша, Конституция - демократияның тірегі. Алайда азаматтардың қолданыстағы заңды толық білмеуі салдарынан түрлі қиындықтарға тап болуы жиі кездеседі. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру - әділетті қоғам құрудың басты шарты.

МАРҒҰЛАН ЕРМАҒАНБЕТҰЛЫ, ЗАҢГЕР:

Қабылданған заң мен тәртіп концепциясын жан-жақты біз насихаттауымыз керек. Өйткені, егер сол құжатты қарасаңыздар жалпы әлемдік кеңістікте мынандай түсінік бар. Әртүрлі адамдарда сауаттылық деңгейі бар ғой, бірақ соның бастауында тұратын бұл құқықтық сауаттылық. Міне осы заң мен тәртіп тұжырымдамасы Қазақстан ішінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді.