Қарағанды облысының Абай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынып жатыр. Нысан алдағы айда іске қосылмақ. Мұнда қуаттылығы жылына 15 мың тонна болатын қалдықтарды сұрыптау желісі жұмыс істейді.Пластикті қайта өңдеуге арналған пресс-станоктар мен жабдықтар қарастырылуда. “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан нысан құрылысын Мәжіліс депутаттары тексерді. Олардың айтуынша, полигон құрылысы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру және заманауи өңдеу технологияларын енгізу бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асырудың жарқын дәлелі.
НИКИТА ШАТАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған заманауи полигон салу экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға, озық өңдеу технологияларын енгізуге және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл – өңірді дамыту және тұрғындардың тұрмысын жақсарту ісіне қосылған үлкен үлес. Осындай жобалар біз үшінаса маңызды. Бұл – сайлаушыларға берген уәдеміз орындалып жатқанының нақты көрінісі.