Дертке дауа, жанға қуат іздеген халық ежелден табиғаттың тылсым күшіне сенген. Жер-ананың қойнауында өсетін шөптерден шипа жасап, сол арқылы саулыққа жеткен. Бүгінде осы дәстүрді жаңа заман талабымен үндестіріп, қайта жаңғыртқан Сүлеймен Маралбай табиғи емдеуді басты мақсат еткен.
СҮЛЕЙМЕН МАРАЛБАЙ, МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Ашылған кезде шағын ғана 15 квадраттық кабинеттен басталған. Қазір бізде Қазақстан бойынша 10 қалада бар. Керекті шөптердің барлығын біз өзіміз командамыз таудан соны жинайды. Арнайы жерде кептіреді, арнайы жерде турайды, жуады және содан кейін барып емдік шөп дәрілер жасалынады одан.
Қай дерт болсын, мұнда келген әрбір жанға мамандар дәрі ғана емес, үміт пен сенім сыйлайды. Көбіне жұрт ауруын асқындырып келетін көрінеді.
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Клиникада осы уақытқа дейін 30 мыңға жуық адам емделген. Мұндағы емнің ерекшелігі әр науқасқа жеке дәрі әзірленеді. 1 дәріге 40-тан аса шөп түрі қосылады. Ал оның барлығын осындағы мамандар таудан теріп әкеледі.
АЙНА ЕСЕНИЯЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Дәріханадан алынатын дәрі дәрмектен шаршап кеттім. Қаншама ем қабылдадым. Әртүрлі клиникаларға барып. Ешнәрсе көмектеспеді. Уақытша көмектеседі да одан кейін қайта басталады. Шөп шәйларды берді. Сосын ең бастысы жаңағы омыртқамдағы ауырсыну кетті. Неше жылдан бері кетпей жүрген.
Qazaq Clinic - ем жасайтын орталық қана емес. Мұнда білім де беріледі. Хиджама, гирудотерапия, он екі түрлі массаж, балалар мен отты массаж, алғашқы көмек көрсету курстары тұрақты ұйымдастырылады. Бұл бастамалар мыңдаған қазақстандыққа жаңа кәсіптің есігін ашып, қазақ тіліндегі медициналық білімнің дамуына жол салып отыр.