$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Павлодар облысы Успен ауданында мектеп маңындағы жолдарға тексеру жүргізілді

22.08.2025ж. 12:50
Павлодар облысы Успен ауданында мектеп маңындағы жолдарға тексеру жүргізілді

Жаңа оқу жылының басталуына орай Успен ауданының полицейлері Галицкое ауылындағы М.Әуезов атындағы мектептің маңындағы көше-жол желісіне кешенді тексеру жүргізді, хабарлайды Astana TV.

Тексеру барысында жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құралдардың жай-күйіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жол белгілері, бағдаршамдар мен жол таңбалары мұқият қаралды. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында полиция тарапынан сегіз ұйғарым берілді.

Мектеп аумағында жол таңбасын жаңарту және жасанды жол кедергілерін орнату қажеттігі атап өтілді.

– Бұл шаралар жүргізушілердің назарын жол белгілері мен таңбалауға аударып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасанды кедергілер көлік жылдамдығын жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында мәжбүрлі түрде төмендетуге септігін тигізеді, – деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Мадияр Тұрсынбаев.

 Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осындай жұмыстар балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға және тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.