«Электрондық үкімет» порталындағы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесінде берілген ақпаратқа сәйкес, 30 тамызда аталып өтетін Конституция күні сенбіге түсіп тұр.
"Егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылады", - делінген сайтта.
Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) демалыс алады.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.