$537.34 €623.05 ₽6.65
×

Республикалық маңызы бар жолдар 93%-ға жақсарды

AstanaTV
22.08.2025ж. 19:30
Республикалық маңызы бар жолдар 93%-ға жақсарды

Елімізде биыл  13 мың шақырымнан астам автожолда жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қарағанды-Алматы, Талдықорған-Өскемен, Атырау-Астрахан, Ақтөбе-Қандыағаш сияқты стратегиялық маңызды 4 автомобиль жолын реконструкциялау аяқталды.  Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары әлемдік деңгейдегі мультимодальды орталыққа айналды. Осылайша, Қазақстан Еуразиялық жетекші транзиттік хабына айналуға ұмтылуда. Бұл - Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарының бірі. Президент Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін әріптес елдермен күш біріктіру міндетін қойды. 

МАҚСАТ ҚАЛИАҚПАРОВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жуырда қытай тарапымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлық терминал іске қосылды. Сиань қаласында біздің құрғақ порт табысты жұмыс істеп тұр. Селятино, Свислочь және Будапешт маңында жаңа терминалдар салынуда. Маусым айында Грузияның Поти портында Қазақстанның алғашқы мультимодалды терминалы ашылды.