$537.34 €623.05 ₽6.65
×

Қостанайда Investment Forum 2025 өтті

22.08.2025ж. 19:30
Қостанайда Investment Forum 2025 өтті

Қостанай -инвесторларға қолайлы өлке.Аймақта цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу мен жоғары технологиялық жобаларға инвестиция тартуды көздейтін кезекті инвест форум өтті. Игі шарада халықаралық ұйым  мен  бизнес-қоғамдастық, ірі  IT-индустрия өкілдері бас қосты. Осындай  форум нәтижесінде соңғы 3 жылда облыс экононмикасына  1,5 миллиардтан астам  АҚШ доллары көлемінде шетелден  инвестиция тартылған. Биылғы  бірінші тоқсанның көрсеткіші -200 миллион  АҚШ доллар.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Қостанай инвесторларды , іскерлерді, ірі АИТИ компанияларды инновациялық және технологиялық  қоғамдастықтарды тартатын ортаға айналуда. Қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру және қолдау үшін өндірістік, көліктік, және сервистік инфрақұрылымды жетілдіруді жалғастырып жатырмыз. 
 

Форум барысында  технологиялық көрме ұйымдастырылды. Өңір кәсіпорындары  цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект саласындағы жобаларын ұсынды. Qostanai Investment Forum алаңы бұл жолы  жасанды интелектіге басымдық бере отырып, цифрлық трансформация стратегиясын ұсынды.

МАҒАУИЯ ЫСҚАҚОВ, КОМПАНИЯ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жасанды интелект төңірегінде жасалған 3 жобаны әкеп тұрмыз.Соның біреуі карьер маңында жұмыс істеп жатқан бүкіл транспорттың цифрландыру жүйесіндегі бүкіл қимыл қозғалыстарын мониторинг жасайтын соларды басқаратын  цифрлық сыңары деп аталады.