Қарағандыда мамандар “ Қарызсық қоғам” жобасының аясында зейнеткерлерге алаяқтарға алданбаудың жолын үйретті. Арнайы семинар «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өтті. Полицейлер мен экономикалық тергеу департаменті мамандарының айтуынша, көбінесе егде жастағы қариялар сенгіш болғандықтан кибер- қылмыскерлерден жапа шегеді. Сондықтан мақсат - зейнеткерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру. Қылмыстың алдын алу.
ЖАРҚЫНБЕК МАМАЛИНОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Конституция күнінің қарсаңында өзіңді алаяқтардан қалай қорғауға болады, деген тақырыпта семинар өтіп жатыр. Мұнда интернет- алаяқтық, қаржы пирамидалары бойына қаржылық сауаттылықты ашатын сұрақтар қаралды. Экономикалық тергеу департаменті бұндай сеинар, дәрістерді әртүрлі ұжымдармен мемлекеттік қызметкерлермен де өткізіп жатыр.