Бес жастағы Аяла - Қобда ауданы Жарық ауылының тұрғыны. Сол күні бауырларымен қалаға келіп, аттракционға барған. Қасында әжесі болыпты. «Жұлдызша» әткеншегіне мінбек болған баланың қолын темір шынжыр тартып кеткен.
АЛТЫН ШАЛАБАЕВА, ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
Ол хорошо, что саусағын алып кетіп тұр. Полностью баланы алып кеткен жоқ.Ал полностью менің баламды алып кетсе «Баланың өзі кінәлі», деп тұра ма?Бұл-бала, бұл білмейді, ол жерде ұстамау керек екенін білмейді ғо.Олар деген жауып қою керек ол жерді.Рас не безопасно.Баланың қолын жұлып кетеді ал,өзін полностью айналдырып алып кетеді ал.
Дәрігерлер операция жасапты. Бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
ҚУАНТАЙ МАХАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР ТРАВМАТОЛОГЫ:
Саусақ алып келді, қарадық саусақ механизмге қысылған, жаншылған. Жаны жоқ.Оны орнына тігуге келмейді. Біздер басқа специалистерге көрсеттік, келмейді.Сондықтан орны тегістеліп қалпына келтірілді.Көмек көрсетілді.Емін алып жатыр.Қазір жағдайы қалыпты.
Қайғылы жағдай болған аттракцион жұмысын жалғастырып жатыр. Кешен өкілдері комментарий беруден бас тартты. Ата-ананың арызынан кейін полиция қылмыстық іс қозғаған, тергеу басталды. Ойын алаңындағы құрал-жабдықтардың жарамдылығын арнайы комиссия тексермек.