$537.34 €623.05 ₽6.65
×

100 балаға сөмке сыйлады

AstanaTV
22.08.2025ж. 19:30
100 балаға сөмке сыйлады

Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы 100 балаға сөмке сыйлады.  Бұл - жылдағы "Мектепке жол" акциясы аясында өтіп отырған қайырымдылық шара. Материалдық көмекке бұл жолы ерекше балалар ие болды.   Былтыр  әлеуметтік осал топтағы 6 жарым мың бала қамтылған еді.  Бұл жолы ұйымдастырушылар оқушыларға  қажетті құрал-жабдықтардың сапалысын арнайы таңдап тұрып алдық дейді.

НАРГИЗАМ МАХМУДОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мынау арқа жағы ауырмау үшін арқа жағына мінекей ыңғайлы, және балаларымыз ерекше болғандықтан ұстауына ыңғайлы осындай жақсы сумкалар алдық. Мысалы, бір сумканы ашып көрсететін болсақ, мынау қыздарға арналған сөмке барлық құрал-жабдықтың бәрі бар.