Елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Мақсат -қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тарихи орындардың таза сақталуын қамтамасыз ету. Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, Астанада 70-ке жуық ескерткіш бар. Оны таза ұстау ерекше күтімді қажет етеді. Себебі табиғи жағдайлардан, құстардың қонуынан немесе ауа райының әсерінен мрамор тастары зақымданады. Сондықтан апта сайын шолулар жүргізіліп, реставраторлар мен музей қызметкерлері ескерткіштерді қалыпқа келтірумен айналысады.
БАЯНДЫ САХАРИЯҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БІРЛЕСКЕН МҰРАЖАЙЛАР ДИРЕКЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Қазақтың хандары Керей мен Жәнібектің ескерткіштеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жәй сенбілік, тазалық акциясы емес, бұл жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп айтуға болады. Өйткені, бұл 2010 жылы орналастырылған ескерткіш. Содан бері міне 15 жылдың ішінде өзгерістер болса соның бәрін қалпына келтіріп, қазір жөндеу жұмыстарын өздеріңіз көріп отырсыздар.