Атырауда құны 6 млрд 500 млн теңге тұратын “Келешек мектептері” жобасы аясында пайдалануға берілуі тиіс білім ордасында алғашқы қоңырау соғылмайды. Сарыла күткен Жұлдыз-3 ықшам ауданы халқы балаларын әлі де өзге мектептерге таси тұруға тура келеді. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы мен қоғамдық кеңес өкілдері бірлесіп,құрылысы аяқталмай қалу қаупі бар нысандарды аралады. Мәселен, Жұлдыз-2 және Жұлдыз-3 ықшам ауданындағы “Келешек” мектептерінің әрқайсысы 900 балаға арналған. Бірі білім күнінде балаларды қабылдауға дайын, ал екіншісі әлі астан-кестен боп жатыр. Мердігер мекеменің сылтауы көп. Ал Көктем ықшамауданындағы 600 орындық мектептің жобасы түзету енгізілуге байланысты созылып тұр.
ЕРНАТ СЕРІКОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:
Кешігу себебі қыс айында жылу бере алмағандықтан ішкі сылақ жұмыстары кешігіп қалды. Сол себепті кешігу себебі болды. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталуға жақындады. Қазіргі уақытта сылақ жұмысы 90 пайызға бітіп тұр.
РИЗАБЕК ӨТЕГЕНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:
Жоба -2017 жылғы, ескі жоба. Қазіргі талаптарға заманға сәйкес келмейді. Біз жоба құнының 26-27 пайызын ғана алдық. Қалған ақшаны өзіміз салып жатырмыз. Өз қаржымыз бар, несие алып, 1 млрд 700 млн теңге салдық құрылысқа. Біз тезірек аяқтау керек екенін түсінеміз. Жоба түзетуден қыркүйек айында шығады деді.
Былтыр желтоқсанда пайдалануға берілуі тиіс Еркінқала ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы да жүз уәде, мың сылтаумен әлі аяқталмай келеді.
НӘСІП ШАЛАБАЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл бірінші мониторинг емес, жыл бойына 4 мониторингіміз. Себебі , өздеріңіз білесіздер, біздің Атырау облысында 3 ауысымды мектептер бар. Өте үлкен күрделі мәселе болып тұр.