$535.99 €626.36 ₽6.64
×

Баласы беймезгіл уақытта жүргені үшін 4276 оралдық жауапқа тартылды

25.08.2025ж. 19:00
Баласы беймезгіл уақытта жүргені үшін 4276 оралдық жауапқа тартылды

Кәмелет жасына толмаған баласы көшеде беймезгіл уақытта жүргені үшін 4 мыңнан астам оралдық жауапқа тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай оқиғалар жазғы оқу демалысы кезінде жиілейді. Кәмелетке толмағандардың тәртібін тексеру үшін полиция «Демалыс», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шараларын ұйымдастырған. Тексеру кезінде 5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Баласын бетімен жіберген ата-аналар қомақты айыппұл арқалаған. 

ӘЛІШЕР ӨТЕГЕНОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Балалар түнгі уақытта ұсталған кезде ата-анасының бақылауынсыз жүреді. Яғни, балалар ойлайды заңды өкілім, қасымда ағам бар дейді. Бірақ заңды өкілі ол тек ата-ана болып есептеледі. Ата-аналарға ескертетініміз балаларға көз болыңыз. Балаңыз қайда жүр, кіммен жүргенін білу керек. Өйткені бала өз еркімен жүріп, бірдемеге ұшырауы мүмкін.